+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Еңбекшіқазақ ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акцияға «Әділет» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық сайлауалды штабының төрағасы Бағдат Рахимов бастаған партия белсенділері қатысып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастаманы қолдады.

Тазалық жұмыстары Бәйдібек би ауылының ауыл шаруашылығы бағытындағы жол бойында ұйымдастырылды. Акция барысында аумақ қоқыстан тазартылып, жалпы 60 тонна қоқыс шығарылды.

Іс-шара барысында тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Қатысушыларға қоршаған ортаны таза ұстау, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы түсіндірілді.

«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты қорғау ғана емес, туған жерге деген жауапкершілікті арттырып, азаматтарды ортақ іске жұмылдыратын маңызды бастама.

Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Әрбір азаматтың белсенді қатысуы қоршаған ортаны көркейтіп, елді мекендердің таза әрі жайлы болуына үлес қосады.