+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы отбасыларды қолдау және баспана мәселесін шешуді ұсынады

«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Жанашар ауылындағы Рысқұлов орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Жүздесу барысында тұрғын үйдің қолжетімділігі, балалы отбасыларды қолдау, сондай-ақ ата-аналарға қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Партияның сайлауалды бағдарламасында азаматтардың тұрғын үймен қамтылуын арттыруға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, бір адамға шаққандағы тұрғын үй көлемін 30 шаршы метрге жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар әр өңірде еңбек етіп жүрген азаматтарға арналған ипотекалық бағдарламаларды іске қосып, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен жыл сайын кемінде 1 млрд теңге бөлу ұсынылады.

Балалы отбасыларды қолдау бағытында 2–6 жастағы балалардың балабақша кезегін толық жою міндеті қойылған. Сондай-ақ үш жасқа толмаған баласы бар ата-аналарға икемді жұмыс кестесі немесе қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігін беру құқығын бекіту ұсынылған.

Кездесу барысында мектеп қызметкерлері отбасы институтын нығайту, тұрғын үй мәселесін шешу және ата-аналарға қолайлы еңбек жағдайын жасауға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында педагогтер алдағы сайлау науқанына белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдіруге дайын екендерін жеткізді.