
«Әділет» партиясы білім сапасын арттыруға басымдық береді
«Әділет» партиясының сайлауалды штабы Шелек ауылындағы Молдағұлова атындағы орта мектептің педагогтерімен кездесті.
Жүздесуде білім сапасы, мектептердегі орын тапшылығы және қала мен ауыл балаларына тең мүмкіндік жасау мәселелері талқыланды. Кездесуге Құрылтай депутаттығына кандидат Дауталиев Қазыбек Нұрсейітұлы қатысты.
Партияның сайлауалды бағдарламасында 2031 жылға дейін кемінде 300 мың жаңа оқушы орнын ашу көзделген. Жаңа мектептер салуда оқушы орны тапшылығы жоғары Алматы облысына басымдық беру ұсынылады.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту үшін Ұлттық тірек ауыл мектептері желісін құру жоспарланған. Бұл мектептер 700-ден астам шағын жинақты мектепке әдістемелік қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар еліміздің барлық өңірінде инженерлік, IT, математика және гуманитарлық бағыттағы мектептер желісін дамыту ұсынылып отыр.
Кездесу барысында педагогтер білім сапасын арттыруға қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.
