+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

«Әділет» партиясы қауіпсіз әрі саламатты мектеп ортасын қалыптастыруды көздейді

Алматы облыстық сайлауалды штаб өкілдері Қайназар ауылындағы Уалиханов орта мектебінің педагогикалық ұжымымен кездесті.

Жиында балалардың қауіпсіздігі, дұрыс тамақтануы, дене белсенділігі және мектепке барар жолдағы қауіпсіздік мәселелері сөз болды.

Партия бағдарламасында «Саламатты мектеп» жобасын іске асыру ұсынылған. Ол оқушылардың денсаулығын тұрақты бақылауды, қозғалыс белсенділігін арттыруды және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.

Мектептерде ультраөңделген және денсаулыққа зиянды тағамдарды сатуға шектеу қою көзделген. Ұлттық спорт түрлері бойынша мектеп лигаларын кеңейтіп, балаларды тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тарту да қарастырылған.

Сонымен қатар мектепке барар жолдарды қауіпсіз ету, қоғамдық кеңістіктерді жарықтандыру және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту ұсынылып отыр.

Кездесу барысында мұғалімдер балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты пікірлерін білдіріп, алдағы сайлауға белсенді қатысатынын жеткізді.