+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Актер Олжас Сақ Құрылтай сайлауында дауыс берді

Танымал қазақстандық актер Олжас Сақ Құрылтай депутаттарының сайлауында өз таңдауын жасады. Ол Іле ауданындағы №1062 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Көрерменге театр мен кинодағы рөлдері арқылы танылған актер сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын білдірді.

«Бүгін мен де ел азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Қоғамдағы маңызды өзгерістерге бейжай қарамай, әр азамат өзіне берілген мүмкіндікті пайдалануы керек деп ойлаймын. Елдің ертеңі – бәрімізге ортақ. Сондықтан бүгін №1062 сайлау учаскесіне келіп, дауысымды бердім», – деді Олжас Сақ.

Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Бұл – 2026 жылғы конституциялық референдумнан кейін құрылған Құрылтайға алғашқы сайлау.