
Интернет алаяқтық – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.
Ақпараттық технологиялардың дамуы адамдардың өмірін жеңілдеткенімен, алаяқтардың да әрекет ету тәсілдерін күрделендіріп отыр. Сондықтан әр азамат жеке деректерін қорғауға, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сақтықпен қарауға тиіс.
Құқық қорғау органдары тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндіру және профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Осындай шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, интернет алаяқтықтың құрбаны болу қаупін азайтады.
Әрқайсымыз қауіпсіздік ережелерін сақтап, банк картасының деректерін, SMS-кодтарды және жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу арқылы алаяқтықтың алдын алуға үлес қоса аламыз. Интернеттегі сақтық – қаржылық қауіпсіздіктің кепілі.
