+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Іскер аймақ бағдарламасы – шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы.

«Іскер аймақ» бағдарламасы – «Даму» қоры арқылы іске асырылатын кәсіпкерлерге пайыздық мөлшерлемені төмендетуге арналған бағдарлама. Бағдарламаның негізгі параметрлері:

• Қатысушылар: микро және шағын кәсіпкерліксубъектілері және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері;

• Кредит сомасы: 200 млн теңгеге дейін;

• Мақсатты пайдалану: инвестициялар, айналымқаражатын толықтыру;

• Номиналды мөлшерлеме: Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі + 4%;

• Субсидиялау мөлшері: номиналды мөлшерлеменің40%-ы, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде12,6% болуы тиіс; әлеуметтік кәсіпкерлер үшін ай сайын төленетін сумманың 50%-ы субсидияланады;

• Субсидиялау мерзімі: 3 жылға дейін; (Екінші деңгейлі банктерден алғашқы 6 ай немесе 1 жыл көлемінде жобаңызды іске асыру мақсатында демалыс алу мүмкіндігі қарастырылған).

Бағдарлама бойынша экономикалық басым салаларғақаражат ала аласыз. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, IT және туризм саласы бар. Одан бөлек, облыстың аудандарынажеке 6 басым саладан қосылды. Сіздің бизнесіңіздің орналасқан мекенжайына қарай субсидиялау салалары да әртүрлі болуы мүмкін. Толығырақ ақпаратты «Даму»қорының ресми сайты damu.kz біле аласыздар немесе 1408 Бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қолжетімді.

Сондай-ақ, әлеуметтік кәсіпкерлерге көбірек қолдау көрсетіледі. Олар үшін салалық шектеулер алыныптасталынды, яғни кез келген кәсіп түріне қаржы алу мүмкіндігі бар, ал субсидиялау мөлшері сыйақыныңноминалды мөлшерлемесінің 50%-ы деңгейінде белгіленді. Бағдарламаның қалған қатысушылары үшін бұл көрсеткіш40%-ды құрайды.

Инвестицияларға қойылатын талаптар да өзгерді. Кәсіпкерлер жабдықтарды, техниканы, көлікті, құрылысматериалдарын және басқа да активтерді тиісті тізілімгеенгізілген қазақстандық өндірушілерден сатып алуы тиіс. Егер қажетті тауар тізілімде болмаса, оны басқаөндірушілерден сатып алуға жол беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін кәсіпкер, «Даму» қорыныңсеріктесі болып табылатын екінші деңгейдегі банкке, қаржыландыру алу үшін өтінім береді. Қаржыландырумақұлданғаннан кейін жоба субсидия беру туралы шешімқабылдау және қарау үшін «Даму» қорына жолданады.

Егер қосымша сұрақтар болса, «Даму» қорының аймақтықфилиалынан жеке консультация алып, «Даму» қорыныңкәсіпкерлерге арналған басқа да бағдарламалары туралыақпарат ала алады.