+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Қарттар күніне орай тағылымды кездесу өтті

Қарттар күніне орай «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарындағы «Күміс лига» клубтарында қарт адамдарға арналған оқыту іс-шаралары» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында қарттардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтау, созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, құлаудың алдын алу, салауатты өмір салтын ұстану және белсенді ұзақ өмір сүру мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар ұсынылды.

Сонымен қатар, шұғыл жағдайлар кезінде өзін-өзі және өзара көмек көрсету жолдары түсіндіріліп, қарт адамдардың денсаулығын нығайту мен белсенді өмір салтын қалыптастырудағы оқыту іс-шараларының маңызы атап өтілді.

Кездесуге аудандық мәслихат депутаты Габсаттарова-ЭМ Айгуль қатысып, қарттарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілектерін білдірді.

Іс-шара соңында қатысушыларға арналып шай дастарханы ұйымдастырылып, жылы әрі еркін жағдайда әңгіме өрбіді.

Кездесу барысында аға буын өкілдеріне ерекше көңіл бөлініп, олардың денсаулығын сақтау, белсенді өмір салтын ұстану және ұзақ әрі сапалы өмір сүруіне бағытталған пайдалы кеңестер берілді.