+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ауыл оқушылары білім додасында бақ сынауда


Қазан айының 7–9 аралығында ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде.

Білім бәйгесінің басты мақсаты – ауыл мектептерінде білім алатын оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, олардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету.

Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін саралап, түрлі пәндер бойынша алған білімдері мен дағдыларын сынайды. Қатысушылардың логикалық ойлауы, ізденімпаздығы, білімді қолдана білуі және күрделі тапсырмаларды шешу қабілеті бағаланады.

Аудандық кезеңге қатысып отырған білім алушылар үшін бұл – өз мүмкіндіктерін танытып, білім додасында тәжірибе жинақтауға берілген үлкен мүмкіндік. Жас өрендер өздері таңдаған пәндер бойынша тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсетуге талпынып отыр.

Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар анықталып, келесі кезеңдерге жолдама алады. Бұл білім сайысы ауыл жастарының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың болашаққа нық қадам басуына жол ашады.

Білімді ұрпақ – ел болашағы. Ауыл мектептерінің оқушыларына сәттілік тілеп, білім додасында биіктерден көрінуіне тілектеспіз!