
БАЛТАБАЙ АЛУА – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ!
2026 жылғы 10 қазанда 2009–2010 жылы туған жасөспірім қыздар арасында дзюдодан өткен республикалық турнирде Райымбек батыр мектебінің оқушысы Балтабай Алуа 48 кг салмақ дәрежесінде І орынға ие болып, жеңімпаз атанды!
Бұл – жас спортшының табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің жемісі.
Алуаны жарқын жеңісімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!
