+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЕСІРТКІНІ НАСИХАТТАУ – ЗАҢҒА ҚАЙШЫ


Есірткі құралдарын интернет ресурстары мен әлеуметтік желілер арқылы жарнамалау және насихаттау – заң алдында жауапкершілікке әкелетін құқық бұзушылық. Мұндай әрекеттер қоғам қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, жастардың болашағына қауіп төндіреді.
Қазіргі таңда жастардың басым бөлігі әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланады. Сондықтан интернет кеңістігіндегі әрбір ақпаратқа сын көзбен қарап, күмәнді ұсыныстар мен белгісіз топтардан аулақ болу қажет.
Есірткі – адам өмірін күйрететін қауіпті індет. Ал оның алдын алу – тек құқық қорғау органдарының емес, бүкіл қоғамның міндеті. Бірлесе әрекет ету арқылы ғана зиянды әрекеттердің алдын ала аламыз.