
Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік!
Жолдағы қауіпсіздік әр адамның тәртібіне байланысты. Жүргізушілер жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілерге жол беруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерден өтпей, жол белгілеріне мұқият мән бергені дұрыс.
Ең бастысы – жолда асығыстық пен немқұрайлылыққа жол бермеу. Қарапайым ережені сақтау адам өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Жол ережесін сақтайық, өзімізді және өзгелерді қорғайық!
