+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ПАРАСЫЗ ҚОҒАМ – ОРТАҚ МАҚСАТ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы әділдік қағидаттарын бұзып, азаматтардың тең мүмкіндіктерін шектейтін күрделі мәселе. Пара беру арқылы заңсыз артықшылыққа қол жеткізубасқа азаматтардың құқықтары мен заңдымүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін. Сондықтансыбайлас жемқорлықтың алдын алу елдің дамуымен қоғамның мемлекеттік органдарға дегенсенімін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін оған ықпал ететін жағдайларды анықтап, жою қажет. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібініңтүсінікті болуы, азаматтардың өтініштерінің әділқаралуы және қабылданатын шешімдердің заңталаптарына сай болуы заңсыз әрекеттердің алдыналуға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттікоргандардың ашықтығы мен жауапкершілігіерекше маңызға ие.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың тиімділігі өткізілген іс-шаралардың санымен емес, нақты нәтижелермен өлшенуі тиіс. Азаматтардыңқұқықтары қорғалып, мемлекеттік қызметтербаршаға бірдей әрі әділ көрсетілген жағдайда ғанаәділдік қағидаттары нығая түседі.

Парасыз қоғам қалыптастыру үшін заң талаптары сақталып, әр азаматтың құқықтары қорғалуы қажет. Бұл мемлекеттік органдардыңжүйелі жұмысын және қоғамның белсендіқолдауын талап етеді. Сыбайлас жемқорлықтыңалдын алу – азаматтардың мемлекеттікоргандарға деген сенімін арттырып, заңүстемдігі мен әділдік қағидаттары орныққанқоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

(ҚР МҚІА Алматы облысы бойынша департаментіСыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Ясын Айбын Мұхамедқалиұлы)