
«КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»
📚 «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміз бойынша «Кітап оқитын ұлт» жобасы қолға алынды.
Осы жоба аясында бекітілген кітаптар тізімі негізінде мектебіміздің кітапханасында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге оқырмандардың қызығушылығын арттыратын, білімін толықтырып, ой-өрісін кеңейтетін таңдаулы шығармалар қойылды.
📖 Кітап оқу – білімге бастар жол, рухани дамудың негізі.
Барша оқырмандарымызды кітап оқуға, ізденуге және рухани құндылықтарды дәріптеуге шақырамыз!
Кітап оқитын ұрпақ – кемел келешектің кепілі! 🌿
