+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ


Қазақстанның жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енді. Ата Заңда әрбір адамның өмір сүру құқығы, сондай-ақ Конституцияны, заңнаманы, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу міндеті бекітілген.

Жол қозғалысы саласында бұл қағидаттар нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс табады. Жүргізуші жылдамдық режимін сақтайды, жаяу жүргіншілерге жол береді, қауіпсіздік белдігін тағады және қауіпті маневрлерге жол бермейді.

Жаяу жүргінші де өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы тиіс: бағдаршамның белгілерін сақтап, арнайы өткелдерді пайдаланып, жолдағы жағдайды ескеруі қажет. Ал жолаушы сапар барысында қауіпсіздік талаптарын орындауы керек.

Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен жолдардағы бақылау жұмыстары жалғасуда. Алайда тұрақты нәтижеге мемлекеттік органдардың жұмысы, жол инфрақұрылымының жай-күйі және жол қозғалысына қатысушылардың күнделікті тәртібі мен жауапкершілігі арқылы қол жеткізіледі.