
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ТРАМВАЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСТЫ
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ТРАМВАЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖҮЙЕСІМЕН ТАНЫСТЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртау қаласындағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты.
Мемлекет басшысы Республика даңғылы бойымен «Инженерная» аялдамасына дейін трамваймен жүріп өтіп, атқарылған жұмыстардың сапасы мен жаңартылған көлік инфрақұрылымының толыққанды пайдалануға дайындығын жеке өзі бағалады.
Трамвай қозғалысы 2024 жылы Qarmet компаниясының бастамасымен қайта жанданды. Қозғалыс қалпына келтірілген сәттен бастап жолаушылар 1 миллионнан астам рет сапарға шыққан.
Қалада жалпы ұзындығы 30 шақырым болатын трамвай жолдары қалпына келтіріліп, жаңартылды. Сонымен қатар 8 жаңа заманауи трамвай вагоны сатып алынды. Бұл қоғамдық көліктің бекітілген кестеге сәйкес тұрақты қатынауына мүмкіндік береді.
Трамвайларда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға арналған ыңғайлы электронды жүйе енгізілген. Ал Qarmet кәсіпорнының қызметкерлері мен ардагерлері үшін жол жүру тегін.
