
БІЛІМ БЕРУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ
2026 жылғы 3 қарашада Есік қаласындағы №1 перинаталдық орталықтың еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шараға медициналық мекеменің 50 қызметкері қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамыту, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және әлеуметтік инфрақұрылымды жетілдіру мәселелері болды.
Жиын барысында медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және заманауи технологияларды енгізу бағыттары талқыланды.
Әсіресе ана мен бала денсаулығын қорғау, перинаталдық көмектің сапасын арттыру, жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар білім беру сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту және әлеуметтік салалардағы қызметтердің тиімділігін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді түсіндіруге және салалық мәселелер бойынша ашық пікір алмасуға мүмкіндік береді.
