+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Интернет алаяқтықтың құрбаны болмау

Интернет алаяқтықтың құрбаны болмау
Қазіргі таңда интернет пен цифрлық технологиялардың дамуына байланысты алаяқтық әрекеттер де көбейіп келеді. Әсіресе әлеуметтік желілер, мессенджерлер және онлайн сауда платформалары арқылы азаматтарды алдау жағдайлары жиі кездеседі. Интернет алаяқтары адамдардың сеніміне кіріп, олардың жеке мәліметтері мен қаржылық қаражатын иемденуді көздейді.
Алаяқтар көбіне банк қызметкері, полиция немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде хабарласып, түрлі сылтаумен азаматтардың жеке деректерін сұрайды. Сонымен қатар жалған интернет-дүкендер ашып, арзан бағадағы тауарларды ұсынып, алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шықпай қояды. Кейбірі әлеуметтік желілерде жалған ұтыс ойындарын ұйымдастырып, адамдардан ақша аударуды талап етеді.
Осындай жағдайлардың алдын алу үшін әрбір азамат интернетті пайдаланғанда сақтық танытуы қажет. Ең алдымен, банк картасының нөмірін, құпиясөзді, SMS арқылы келген растау кодтарын бөгде адамдарға беруге болмайды.