+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

🚫 «STOP CORRUPTION» – ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

📅 2026 жылғы 5 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінде «STOP CORRUPTION» акциясы аясында жастармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.

🤝 Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау.

📌 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары, заң талаптарын сақтау және әр азаматтың жауапкершілігі туралы кеңінен айтылды.

💬 Сонымен қатар қатысушыларға жемқорлық фактілеріне бейжай қарамау, заң бұзушылықтарға төзбеушілік таныту және қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын орнықтырудың маңыздылығы түсіндірілді.

🇰🇿 Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақтың негізі!

#STOPCORRUPTION #ЗаңМенТәртіп #Жастар #АдалҚоғам #ЕңбекшіқазақАуданы