
ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ОТБАСЫ – БАҚЫТТЫ БОЛАШАҚ!
Тұрмыстық зорлық-зомбылық – адамның өмірі мен денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қауіп төндіретін құқық бұзушылық. Ол ешқашан ақталмайды және қоғамның қауіпсіздігіне кері әсер етеді. Әрбір азамат қауіпсіз ортада өмір сүруге құқылы. Егер сіз немесе жақындарыңыз тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, үнсіз қалмаңыз. Уақытылы көмекке жүгіну – өзіңізді және отбасыңызды қорғаудың маңызды қадамы. Құқық қорғау органдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. Зорлық-зомбылықтың кез келген түріне заң аясында тиісті шаралар қолданылады. Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Зорлық-зомбылыққа қарсы бірге күресейік! #ТұрмыстықЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #Заңментәртіп
