+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді пайдалану – өңір дамуының басты бағыты

2026 жылғы 6 қараша күні Түрген ауылындағы Қонаев атындағы орта мектептің акт залында Мемлекет басшысының Жолдауын ақпараттық түсіндіру аясында еңбек ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуге білім беру саласының өкілдері қатысып, жалпы 60 адамды қамтыды.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – «Ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді пайдалану – өңір дамуының басты бағыты».

Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту, су ресурстарын ұтымды пайдалану, су үнемдеу технологияларын енгізу және өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, су тапшылығының алдын алу, табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану бағытындағы міндеттерге назар аударылды. Қатысушылар аталған мәселелердің ауылдық аумақтардың тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

Мұндай кездесулер Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттарды түсіндіруге, қоғам мен еңбек ұжымдары арасындағы өзара байланысты нығайтуға және өзекті мәселелер бойынша ортақ түсінік қалыптастыруға бағытталған.