
Цифрландыру және жасанды интеллект – заманауи дамудың негізі
2026 жылғы 6 қараша күні Бөлек ауылындағы Горький атындағы орта мектептің акт залында Мемлекет басшысының Жолдауын ақпараттық түсіндіру аясында еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шараға білім беру саласының өкілдері қатысып, жалпы 40 адамды қамтыды.
Кездесудің негізгі тақырыбы – «Цифрландыру және жасанды интеллект – заманауи дамудың негізі».
Кездесу барысында цифрлық технологияларды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және цифрлық сауаттылықты арттыру мәселелері талқыланды.
Әсіресе, білім беру саласындағы цифрландырудың маңызына ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісінде қолдану, мұғалімдердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, білім сапасын арттыру және оқушылардың заманауи технологияларды меңгеруіне жағдай жасау жөнінде пікірлер айтылды.
Сонымен қатар, жаңа технологияларды жауапкершілікпен пайдалану, ақпараттық қауіпсіздікті сақтау және цифрлық ортада сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру мәселелері қозғалды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған цифрлық даму бағыттарын түсіндіруге және білім беру саласы өкілдерінің заманауи технологиялар жөніндегі ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталды.
