+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Еңбекшіқазақ ауданында ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің қолдауымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда жемқорлыққа мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында Шелек орман шаруашылығы қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында лектор, отставкадағы кіші әділет кеңесшісі, прокуратура органдарының зейнеткері Ақмарал Истыбаева сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығы, заң талаптарын сақтау, қызметтік әдеп пен адалдық қағидаттары жөнінде кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі, жемқорлық көріністеріне жол бермеу және кез келген құқықбұзушылыққа бейжай қарамау мәселелері қозғалды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.
Адалдық – әр азаматтың ұстанымы, ал жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі