
Жол қауіпсіздігі – ортақ міндет!
Жол қауіпсіздігі – әрбір адамның өмірі мен денсаулығы үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін сақтау – баршамыздың міндетіміз. Жаяу жүргіншілер жолдан тек арнайы белгіленген жерден өтіп, бағдаршамның түсіне назар аударуы керек. Ал жүргізушілер жылдамдықты асырмай, жол белгілерін қатаң сақтауы қажет.
Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігінен басталады. Сондықтан жол ережесін сақтап, өз өміріміз бен өзгелердің өміріне жауапкершілікпен қарайық!
