
«Әділет» партиясы Алматы облысын толық газдандыру жоспарын сайлауалды бағдарламасына енгізді
Алматы облысында халықты табиғи газбен қамту деңгейін 2031 жылға қарай 100 пайызға жеткізу – «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл бағытта Шелек – Кеген – Нарынқол магистральдық газ құбырын салу жобасы да қамтылған.
Аталған жоспарлар Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы Әбдуәли Қайдар атындағы орта мектеп ұжымымен өткен кездесуде таныстырылды. Жиынға «Әділет» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Данияр Қасқарауов пен Димаш Бегілдаш қатысты.
Данияр Қасқарауов өңірді газдандырудың әлеуметтік және экономикалық маңызына тоқталды.
«Табиғи газға қолжетімділік – халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін мәселе. Біздің сайлауалды бағдарламамызда облысты газдандыру деңгейін 2031 жылға қарай 100 пайызға жеткізу міндеті қойылған. Соның ішінде Шелек – Кеген – Нарынқол магистральдық газ құбырын салу жобасы бар. Бұл бастама елді мекендерді табиғи газбен қамтуды кеңейтуге бағытталған», – деді кандидат.
Бағдарламаға сәйкес, облыста газдандыру деңгейін 2027 жылы 75 пайызға, 2028 жылы 85 пайызға, 2029 жылы 90 пайызға, ал 2030 жылы 95 пайызға жеткізу жоспарланған.
Димаш Бегілдаш Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдарды газбен қамту мәселесіне назар аударды.
«Ауылдарды газдандыру үшін магистральдық құбырдың болуы жеткіліксіз. Газды елді мекендерге жеткізетін және тұрғындарға тарататын желілер де қажет. Бағдарламамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Қызылшарық, Алға, Нұрлы, Қорам, Қаратұрық, Достық және басқа да ауылдарда газ желілерін салу міндеті көрсетілген. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған», – деді ол.
Партияның өңірлік бағдарламасында магистральдық және жеткізуші газ құбырларын салу, ауылдардағы тарату желілерін дамыту және табиғи газға қолжетімділікті кезең-кезеңімен кеңейту қарастырылған.
Кездесуде кандидаттар мектеп ұжымымен өңірдің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты сайлауалды міндеттерді талқылады.
—
Дайындаған: «Әділет» партиясының Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Қасқарауов Д.А.
Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
