
ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
🚨
Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп отыр. Алаяқтар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және түрлі сайттарда адамдарды алдап, ақша немесе жеке мәліметтерін иемденуге тырысады.
🔐 Өзіңізді қорғау үшін:
- Бейтаныс адамдарға банк картасының нөмірін, CVV-кодын, SMS арқылы келген кодтарды айтпаңыз;
- Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды орнатпаңыз;
- «Ақшаңызды көбейтіп береміз», «жүлде ұттыңыз», «шотыңыз бұғатталды» деген күмәнді хабарламаларға сенбеңіз;
- Интернет-дүкендерде тауар сатып алар алдында сатушы туралы ақпаратты тексеріңіз;
- Банк немесе құқық қорғау органдарының қызметкері телефон арқылы құпия кодтарды сұрамайтынын есте сақтаңыз.
⚠️ Есте сақтаңыз: алаяқтар асықтырып, қорқытып немесе оңай пайда табуға уәде беру арқылы сізді әрекет етуге итермелейді.
