
Интернет-алаяқтықтан сақ болыңыз!
Қазіргі таңда интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттері жиілеп келеді. Алаяқтар жалған хабарламалар, күмәнді сілтемелер мен жалған сайттар арқылы азаматтардың жеке деректері мен қаржысын иемденуге тырысады.
🔹 Банк картасының мәліметтерін бөгде адамдарға бермеңіз;
🔹 Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
🔹 Белгісіз нөмірлерден келген хабарламаларға сенбеңіз;
🔹 Қосымша қауіпсіздік үшін екі факторлы қорғанысты қолданыңыз.
Есіңізде болсын: сақтық – қауіпсіздіктің басты кепілі!
Өзіңізді және жақындарыңызды интернет-алаяқтардан қорғаңыз.
