
Жол қауіпсіздігі — басты назарда
Жол қауіпсіздігі — әрбір адамның өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғаларының алдын алу — қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір азаматтың міндеті.
Жүргізушілер жолда жылдамдықты асырмай, жол белгілеріне назар аударып, жаяу жүргіншілерге жол беруі қажет. Ал жаяу жүргіншілер жолды тек арнайы белгіленген жерден өтіп, бағдаршамның түсіне мұқият қарауы тиіс. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер жол қауіпсіздігі ережелерін жақсы білуі керек.
Жолда жүру кезінде ұқыптылық пен жауапкершілік таныту — қайғылы жағдайлардың алдын алудың басты жолы. Бір сәттік салғырттық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Есіңізде болсын: жол ережесін сақтау — өз өміріңді және өзгенің өмірін сақтау! Жол қауіпсіздігі әрқайсымыздан басталады.
