Темір тапшылығы ауруларының алдын алу
Темір — адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті маңыздымикроэлементтердің бірі. Ол гемоглобиннің құрамына кіреді және оттегініңөкпеден бүкіл ағзаға тасымалдануына көмектеседі. Ағзада темір жеткіліксізболған жағдайда темір тапшылығы дамып, оның салдарынан теміртапшылықты анемия пайда болуы мүмкін. Бұл жағдай адамның еңбеккеқабілеттілігіне, көңіл күйіне және жалпы денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан темір тапшылығының алдын алу — дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтының маңызды бөлігі.
Темір тапшылығының негізгі себептері
Темір тапшылығы әртүрлі себептерге байланысты туындайды. Олардыңішінде темірге бай тағамдарды жеткіліксіз тұтыну, ағзаның темірге дегенқажеттілігінің артуы және қан жоғалту ерекше орын алады.
Әсіресе балалар мен жасөспірімдер өсу кезеңінде, жүкті әйелдержүктілік кезінде, сондай-ақ етеккірі көп келетін әйелдер теміртапшылығының даму қаупіне көбірек ұшырауы мүмкін. Кейбір асқазан-ішекжолы аурулары да темірдің сіңуін төмендетеді.
Темір тапшылығының белгілері
Темір жетіспеген кезде адам тез шаршап, әлсіздік сезінуі мүмкін. Соныменқатар мынадай белгілер байқалады:
-терінің бозаруы;
-бас айналу және бас ауруы;
-зейіннің төмендеуі;
-шаштың түсуі және тырнақтың сынғыштығы;
-дене белсенділігі кезінде ентігу;
-жүрек соғысының жиілеуі.
Бұл белгілер басқа аурулар кезінде де кездесуі мүмкін. Сондықтантемір тапшылығына күдік туған жағдайда дәрігерге қаралып, қажетті қанталдауларын тапсырған жөн.
Темір тапшылығының алдын алу жолдары
1. Темірге бай тағамдарды тұтыну.
Күнделікті тамақтану рационына темірге бай өнімдерді қосу маңызды. Оларға сиыр еті, балық, құс еті, бұршақ тұқымдастар, жасымық, жаңғақтаржәне темірмен байытылған жармалар жатады. Жануар текті өнімдердегітемір ағзаға, әдетте, өсімдік текті өнімдердегі темірге қарағанда жақсырақсіңеді.
2. С дәруменіне бай өнімдерді пайдалану.
С дәрумені өсімдік текті тағамдардағы темірдің сіңуін жақсартады. Сондықтан етсіз тағамдарды болгар бұрышы, қырыққабат, қызанақ, цитрус жемістері немесе басқа да С дәруменіне бай өнімдермен бірге тұтынғанпайдалы.
3. Тамақтану тәртібіне назар аудару.
Теңгерімді әрі әртүрлі тамақтану ағзаның қажетті қоректік заттарменқамтамасыз етілуіне көмектеседі. Шай мен кофені темірге бай негізгітағаммен бірге ішпеуге тырысқан жөн, өйткені олардың құрамындағы заттартемірдің сіңуін төмендетуі мүмкін.
4. Қауіп тобына жататын адамдардың денсаулығын бақылау.
Балалар, жүкті әйелдер және етеккірі көп келетін әйелдер теміртапшылығының алдын алуға ерекше назар аударуы керек. Қажет болғанжағдайда дәрігер қан талдауын тағайындап, тиісті алдын алу шараларынұсынады.
5. Темір препараттарын дәрігердің кеңесімен қабылдау.
Темір препараттарын өз бетінше қабылдау ұсынылмайды. Темірдің артықмөлшері ағзаға зиян келтіруі мүмкін. Қоспалар мен дәрілерді қабылдауқажеттілігі зерттеу нәтижелері мен адамның жеке жағдайына қарайанықталады.
Темір тапшылығының алдын алудағы дұрыс тамақтанудың маңызы
Дұрыс тамақтану — темір тапшылығының алдын алудың негізгіжолдарының бірі. Күнделікті мәзірде ет, балық, бұршақ, көкөністер мен жемістердің болуы ағзаны қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етугекөмектеседі. Сонымен бірге тағамның әртүрлілігіне, жас ерекшелігіне жәнеағзаның жеке қажеттіліктеріне назар аудару қажет.
Алайда темірге бай тағамдарды тұтыну барлық жағдайда теміртапшылығын болдырмауға жеткіліксіз болуы мүмкін. Егер тапшылық қанжоғалтуға немесе темірдің сіңуінің бұзылуына байланысты болса, оныңнегізгі себебін анықтап, емдеу маңызды.
Темір тапшылығының алдын алу үшін дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, темірге бай өнімдерді тұтыну және денсаулықтағы өзгерістерге назар аударуқажет. Әлсіздік, тез шаршау немесе бас айналу сияқты белгілер ұзақ уақытсақталса, дәрігерге қаралған жөн. Темір тапшылығын ерте анықтау жәнеоның себептерін уақытында жою денсаулықты сақтауға, жұмыс қабілетінарттыруға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
М.Азербаев
Еңбекшіқазақ аудандық
СЭББ басшысы
