+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Ауыз су сапасына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

Ауыз су – адам денсаулығы мен өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін маңыздыфакторлардың бірі. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын сақтаудың негізгі бағыттарының бірі. Ауыз судыңсапасы адамның денсаулығына, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алуға, сондай-ақ қоршаған ортаның қауіпсіздігіне әсер етеді.
Ауыз су ішуге, тамақ дайындауға, жеке бас гигиенасына және тұрмыстық қажеттіліктергепайдаланылатындықтан, оның сапасы санитариялық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Ауыз суға қойылатын негізгі талаптар
Ауыз су:

• Мөлдір, түссіз және бөгде қоспаларсыз болуы;

• Өзіне тән емес иісі мен дәмі болмауы;

• Құрамында адам денсаулығына зиянды химиялық заттар рұқсат етілген мөлшерденаспауы;

• Патогенді микроорганизмдер мен паразиттік қоздырғыштар болмауы;

• Микробиологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштері белгіленгеннормативтерге сәйкес болуы қажет.

Судың сапасын бағалау көрсеткіштері

Ауыз судың сапасы үш негізгі көрсеткіш бойынша бағаланады:

1. Органолептикалық көрсеткіштер – судың түсі, мөлдірлігі, иісі, дәмі және лайлылығы. Бұл көрсеткіштер судың сыртқы қасиеттерін сипаттайды.

2. Санитариялық-химиялық көрсеткіштер – судың химиялық құрамы, минералдануы, темір, нитраттар, хлоридтер және басқа да химиялық заттардың мөлшері зерттеледі.

3. Микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштер – суда ішек таяқшаларытобының бактериялары, жалпы микробтар саны және паразиттік микроорганизмдердіңболуына зертханалық бақылау жүргізіледі.

Сумен жабдықтау көздеріне қойылатын талаптар

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету орталықтандырылған және орталықтандырылмағансумен жабдықтау жүйелері арқылы жүзеге асырылады.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесінде су арнайы су көздерінен алынып, тазарту, залалсыздандыру және тұтынушыларға жеткізу кезеңдерінен өтеді.

Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау кезінде шахталық құдықтар, ұңғымалар жәнебасқа да жергілікті су көздері пайдаланылады. Мұндай су көздері санитариялықталаптарға сәйкес орналастырылып, олардың санитариялық жағдайы тұрақты бақылаудаболуы қажет.

Су көздерін ластанудан қорғау, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу және олардыңаумағында тиісті санитариялық режимді сақтау маңызды.

Ауыз су сапасына жүргізілетін зертханалық бақылау

Ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрақты зертханалықбақылау жүргізіледі. Су сынамалары белгіленген тәртіппен алынып, санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша зерттеледі.

Зертханалық зерттеу нәтижесінде ауыз су сапасының белгіленген гигиеналықнормативтерге сәйкестігі бағаланады. Егер судың сапасы бойынша сәйкессіздіктеранықталса, су жеткізуші ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдарға тиісті шараларқабылдау қажеттілігі туралы хабарланады.

Қорытынды

Ауыз судың сапасы – халық денсаулығын қорғаудың маңызды көрсеткіші. Қауіпсіз ауызсумен қамтамасыз ету үшін су көздерін қорғау, сумен жабдықтау жүйелерініңсанитариялық жағдайын сақтау, судың сапасына тұрақты зертханалық бақылау жүргізуқажет.

Әрбір азамат сапалы ауыз суды пайдалануға құқылы. Сондықтан ауыз су сапасын сақтаужәне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың, сумен жабдықтауұйымдарының және қоғамның ортақ міндеті болып табылады.

Нормативтік-құқықтық негіз:

• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № ҚР ДСМ-138 бұйрығы – «Ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық суды пайдалануқауіпсіздігі көрсеткіштерінің гигиеналық нормативтерін бекіту туралы».

• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26 бұйрығы – «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалануорындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар».

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Азербаев, санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің бас маманы  В. Ермекбай