+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Консервіленген өнімдерді қолданудағы сақтық шаралары.

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда жемістер ботулизммен сырқаттанудың себебі болуы мүмкін. Консервілеу кезінде көкөністерде ботулиннің қоздырғыштарымен зақымдалған топырақтың ұсақ қалдықтары қалуы мүмкін. Біраз уақыт өткен сон тығыздалып, герметикалық жабылған құтыда улы токсин бөліне бастайды. Бұндай консервілерді жеу 100 пайыз ботулизммен улануға әкеп соқтырады. 

Консервіленген өнімнің құрамындағы компоненттер неғұрлым көп болса, ол салаттың қауіптілігі де арта түседі. Консервілеу кезінде қолданылатын тұз несірке суы да токсиннің бөлінуіне кедергі бола алмайды.

Ботулизммен зақымдану сәті сырқаттың басталуына дейін 2-4 сағаттан 2-3 тәулік, немесе 2 аптаға созылуы мүмкін. Өйткені науқас адамда ботулизмге тән ерекше симптомдарының болмауы да мүмкін. Алғашында науқас адамда  тамақтан уланғанда болатын іш ауруы, іш өту, құсу белгілері пайда болады. Бұл жағдайда қандай өнімнен болды деген күдік туады. Егер де сіз науқастанғанға дейін консерві (үйде дайындалған), тұздалған (қақталған) өнімдерді (балық т.б.) тұтынсаңыз онда дереу «Жедел жәрдем» шақыртып, дәрігерге қаралу қажет, сонымен қатар тұтынған тағамның қалдықтарын сақтап, медициналық қызметкерге табыстау қажет. 

Іш ауруынан кейін көз нервісі жүйесінің зақымдануы басталады, яғни адамның көзі қылиланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін.

Ботулизм симптомдары байқалған жағдайда, дереу медициналық ұйымға алғашқы көмекке жүгіну қажет!

Ботулизмнің ең басты емі- ботулотоксинге қарсы поливалентті сары суды енгізу. Поливалентті сары су ботулотоксин түрі (А,В,Е) анықталғанша ғанақолданылады. Анықталғаннан кейін типіне сәйкес сары су енгізіледі. Осығанқарамастан, ем қабылдау ерте басталып, өкпеге жасанды демалу аппараты қосылғанымен, ботулизм жағдайының өлім-жітіммен аяқталуы 2-3% құрайды. Себебі ботулотоксинге қарсы сарысу ауру адамның қанындағы токсиндіжойғанымен, орталық нерв жүйесіндегі уға күші жетпейді.

Ботулизмнің алдын алу қиын емес, тек ботулизмнің алдын-алу ісшараларының талаптарын қатаң түрде орындау қажет. 

Ең алдымен консервілеуге дайындалған көкөністерді, жеміс-жидектердітазалап жуып, сосын жоғары температурада (120° төмен емес) қысымдастерилизация жүргізу қажет.

Герметикалық жабылатын құтыларда етті, саңырауқұлақтарды және топырақтың ұсақ қалдықтары оңайшылықпен кетпейтін көкөністерді мейлінше консервілемег жөн.

Үй жағдайында дайындалған консервілерді қолдан, жабайы сауда орындарынан, белгісіз тұлғалардан, әр түрлі жарнамалық сайттардан алмаңыз!

Консервіленген банкаларыныз пішінін немесе түр әлпетін өзгертсе, мұндай консервілерді қоланбаған жөн. 

Дұрыс дайындалмаған үй жағдайында консервіленген тағамдар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіретінін естен шығармаңыздар!

Еңбекшіқазақ аудандық                                               

                                                                                     СЭББ басшысы Азербаев М.А