+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Тәуелділікке бастайтын қадамнан бас тарт!


Адам өмірі – баға жетпес байлық. Әрбір адам өз болашағының жарқын болғанын қалайды. Алайда кейде қызығушылықпен жасалған бір ғана қате қадам адамның өміріне кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан тәуелділікке бастайтын кез келген әрекеттен аулақ болу өте маңызды.

Темекі, алкоголь, есірткі, құмар ойындар және интернетке шамадан тыс тәуелділік – адамның денсаулығына, психологиясына және болашағына зиян келтіретін қауіпті әдеттер. «Бір рет қана байқап көремін» деген ойдың өзі үлкен қателікке әкелуі мүмкін. Өйткені тәуелділік бір күнде пайда болмайды, ол кішкентай қадамдардан басталады.

Біз өз өмірімізге жауапкершілікпен қарап, жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек. Бос уақытымызды спортпен, кітап оқумен, шығармашылықпен және пайдалы істермен өткізгеніміз дұрыс. Сонымен қатар, зиянды әрекеттерге итермелейтін ортадан аулақ болып, кез келген жағдайда өз ұстанымымызды қорғай білуіміз қажет.

Есіңде болсын! Өмірде әрбір таңдаудың өз салдары бар. «Жоқ» деп айта білу – әлсіздік емес, керісінше, өз болашағыңды қорғай алатын күшті адамның белгісі.

Өз өміріңді бағала! Денсаулығыңды сақта! Тәуелділікке бастайтын алғашқы қадамнан бас тарт! Себебі жарқын болашақ – өз қолыңда!