
№17 сайлау округі бойынша Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына «ӘDILET» партиясынан кандидат АБДЫКАДЫРОВА ЖҰЛДЫЗ СЕЙТЖАНҚЫЗЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Туған жердің болашағы бүгінгі еңбегімізге, қабылдаған шешімдерімізге және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізге байланысты. Әр ауылдың өсіп-өркендеуі, тұрғындардың сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізуі, қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруі – қоғам дамуының негізгі көрсеткіштері. Сондықтан елді мекендердегі өзекті мәселелерді дер кезінде анықтап, оларды шешуге қажетті мүмкіндіктерді тиімді пайдалану маңызды.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Мен ашықтықты, әділдікті, жауапкершілікті және халықпен тұрақты байланысты басшылыққа аламын. Әр тұрғынның пікірі мен ұсынысы маңызды. Ауылдың көлеміне, тұрғындар санына немесе мәселенің ауқымына қарамастан, елді мекеннің қажеттілігі назардан тыс қалмауы керек.
Білім беру саласындағы тәжірибем маған кез келген істің нәтижесі жоспардың қағаз жүзінде қалмауына байланысты екенін көрсетті. Ол үшін нақты мақсат, жүйелі жұмыс, жауапты орындаушылар және тұрақты бақылау қажет. Осы қағидаларды депутаттық қызметте де ұстанып, көтерілген мәселелердің шешілуіне барынша ықпал етуге күш саламын.
Тұрғындармен кездесулер өткізу, өтініштер мен ұсыныстарды зерделеу, өзекті мәселелерді тиісті органдарға жеткізу және олардың қаралу барысын бақылау жұмысымның негізгі бөлігі болады. Қолға алынған бастамалардың нәтижесі туралы халықты хабардар етуге де мән беремін. Себебі сенім сөзбен емес, ашық жұмыс пен нақты әрекет арқылы қалыптасады.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Абдыкадырова Жұлдыз Сейтжанқызы, 1975 жылғы 25 шілдеде дүниеге келдім. Қазіргі уақытта Шелек ауылындағы Х.Бижанов атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарамын.
№17 сайлау округінің құрамындағы Асы, Бартоғай, Қазақстан, Қаражота, Қаратұрық, Қорам, Масақ, Малыбай, Сөгеті, Тескенсу және Шелек ауылдық округтерінің әрқайсысында шешімін күткен өзіндік мәселелер бар. Бір жерде мектепті жөндеу немесе жаңа білім беру нысанын салу қажет болса, басқа ауылда дәрігерлік амбулатория, су құбыры, электр желісі, жол немесе спорт нысанына қатысты жұмыстар өзекті болып отыр. Мұндай мәселелерді бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды. Өйткені ауылдың тұрақты дамуы әлеуметтік нысандардың сапасына да, тұрғындарға қажетті инфрақұрылымның қалыптасуына да байланысты.
Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде менің мақсатым – осы мәселелерді облыстық деңгейде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету. Қажетті жобалардың қаржыландырылуы, жобалық-сметалық құжаттаманың әзірленуі, құрылыс пен жөндеу жұмыстарының уақытылы орындалуы тиісті органдардың назарында болуы керек. Ал қолға алынған жобалардың нәтижесін бақылау, тұрғындардың пікірін ескеру және туындаған түйткілдерді жауапты мекемелерге жеткізу – депутаттық қызметтің маңызды бағыттары.
Мен үшін депутаттық қызметтің мәні – тұрғындардың сенімін нақты жұмыс арқылы ақтау. Халықтың ұсынысын тыңдап қана қоймай, оның шешілу жолдарын іздестіру, мемлекеттік органдармен байланыс орнату және көтерілген мәселелердің орындалу барысын қадағалау қажет. Әрине, барлық мәселені бір мезетте шешу мүмкін емес. Алайда нақты басымдықтарды айқындап, қаржы мен ұйымдастырушылық қолдауды қажет ететін жобаларды жүйелі түрде көтеру арқылы нәтижеге жетуге болады
2026–2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Білім беру саласын дамыту
Білім сапасы мен мектептердің материалдық-техникалық жағдайы – ауыл болашағына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Сондықтан білім беру нысандарын жаңарту, балалардың қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алуына жағдай жасау мәселелерін назарда ұстаймын.
Осы бағытта:
– Дихан ауылында 120 орындық мектеп салу мәселесін көтеру;
– Қайрат ауылындағы И.Саттаров атындағы және Қызылшарық ауылындағы М.Әуезов атындағы мектептерге күрделі жөндеу жүргізуге ықпал ету;
– Байсейіт ауылындағы И.Таиров атындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу мәселесін тиісті органдар алдында көтеру;
– Май ауылындағы М.Мәметова атындағы мектепке күрделі жөндеу жүргізу мәселесін назарда ұстау.
Аталған мәселелердің шешілуіне қажетті қаржы қарастыру, жобалық құжаттамалар мен өзге де ұйымдастыру жұмыстарын пысықтау жөнінде жауапты мекемелермен жұмыс жүргізуге күш саламын.
2. Денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігі
Ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімді болуы аса маңызды. Медициналық мекемелердің жағдайы мен алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасы халықтың өмір сүру деңгейіне тікелей ықпал етеді.
Осыған байланысты:
– Асы және Қайрат ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуден өткізу мәселесін көтеру;
– Дихан ауылында медициналық пункт салуға қажетті қаржының бөлінуіне ықпал ету;
– Байсейіт ауылында 50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу мәселесін қолдау;
– Қаражота ауылында медициналық нысан салу мәселесін көтеру;
– Сарыбұлақ және Ақтоған ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу қажеттігін тиісті органдарға жеткізу;
– Қаратұрық ауылында жаңа медициналық нысан салуға қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеу мәселесін қарастыру;
– Нұрлы және Малыбай ауылдарында медициналық нысандар салуға ықпал ету;
– Шелек ауылында 200 орындық көпсалалы аурухана салу жобасын әзірлеуге қажетті қаржы бөлу мәселесін көтеру.
Бұл мәселелерді шешу барысында ауыл тұрғындарының медициналық көмек алу үшін алысқа қатынау қажеттілігін азайтуға және алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға басымдық беремін.
3. Ауылдық инфрақұрылым мен коммуналдық жағдайды жақсарту
Елді мекендердің жайлы болуы инженерлік инфрақұрылымның сапасына байланысты. Тұрғындардың күнделікті тұрмысына әсер ететін коммуналдық мәселелерді шешу де депутаттық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болады.
Осы бағытта:
– Қазақстан ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерге блокты-модульдік қазандықтар орнату мәселесін көтеру;
– Шелек ауылында суару арықтарын жүргізу қажеттігін тиісті органдарға жеткізу;
– Көлді ауылындағы электр желілерін жаңарту мәселесі бойынша қажетті қаржы бөлу және жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру.
Коммуналдық инфрақұрылымға қатысты өтініштерді жүйелеп, жауапты мекемелермен бірлесіп, мәселенің шешілу жолдарын қарастыруға ықпал етемін.
4. Ауыл шаруашылығы және су ресурстарын тиімді пайдалану
Ауыл шаруашылығы – ауыл экономикасының маңызды тірегі. Шаруалардың өнім өндіру мүмкіндігіне су ресурстарының қолжетімділігі, суару жүйелерінің жағдайы және инфрақұрылымның дамуы әсер етеді.
Сондықтан суармалы жерлерді тиімді пайдалану, су тапшылығының алдын алу және ауыл шаруашылығы өндірушілерінің мүддесін қорғау мәселелерін назарда ұстаймын. Шелек ауылында суару арықтарын жүргізу мәселесін шешу үшін тиісті органдармен жұмыс жүргізіп, қажетті шаралардың қабылдануына ықпал етемін.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қатысты тұрғындар мен шаруалардың ұсыныстарын тиісті деңгейде көтеруге дайынмын.
5. Мәдениет нысандарын дамыту
Мәдениет үйлері мен шығармашылық орталықтары ауыл тұрғындарының басын қосып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, балалар мен жастардың қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Осыған орай:
– Қорам ауылында мәдениет үйін салу мәселесін көтеру;
– Қаратұрық ауылында мәдениет үйін салуға қажетті жобалық құжаттама мен қаржыландыру мәселесін қарастыру.
Бұл бастамалардың жүзеге асуына ықпал ету арқылы ауыл тұрғындарының мәдени іс-шараларға қатысуына, шығармашылық ұжымдардың жұмыс істеуіне және жас таланттардың қабілетін шыңдауына қолайлы жағдай жасауға күш саламын.
6. Спорт және салауатты өмір салты
Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және балаларды салауатты өмір салтына баулу – маңызды міндеттердің бірі.
Осы бағытта:
– Таусүгір ауылында көше жаттығу алаңын салу;
– Бижанов және Байсейіт ауылдарында спорттық жаттығу алаңдарын ашу;
– Қазақстан, Ж.Қайыпов және Ащыбұлақ ауылдарында көше жаттығу алаңдарын салу;
– Қаражота ауылында спорттық жаттығу алаңын ұйымдастыру;
– Достық және Лавар ауылдарында көше жаттығу алаңдарын салу;
– Қорам ауылында спорт кешенін салуға қажетті жобалық құжаттама әзірлеу және қаржыландыру мәселесін көтеру;
– Нұра ауылында көше жаттығу және шағын футбол алаңдарын салуға ықпал ету;
– Шелек және Май ауылдарында көше жаттығу алаңдарын салу;
– Торғайбаз ауылында шағын футбол алаңын салу мәселесін қарастыру.
Спорт нысандарының қолжетімді болуы балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға, тұрғындардың денсаулығын нығайтуға және ауылдағы бұқаралық спорттың дамуына мүмкіндік береді.
7. Жол және көлік инфрақұрылымы
Жолдардың сапасы тұрғындардың күнделікті өміріне, медициналық және білім беру қызметтеріне қол жеткізуіне, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға әсер етеді.
Осы бағытта тұрғындардың жол жағдайына қатысты өтініштерін қабылдап, анықталған қажеттіліктерді тиісті органдарға жеткізуге, жол инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі ұсыныстардың қаралуына ықпал етемін. Жол жөндеу жұмыстары қажет болған жағдайда, мәселенің тиісті жоспарларға енгізілуі мен қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруға күш саламын.
Бүгінде Шелек ауылындағы жолдардың басым бөлігі күрделі жөндеуден өтуде. Осы ауқымды жобаның сапалы әрі уақытылы жүргзілуіне бақылау жасаймын.
8. Қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың жайлылығы
Ауылдағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп – тұрғындардың алаңсыз өмір сүруінің негізгі шарттарының бірі. Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту да жүйелі назарды қажет етеді.
Осы орайда:
– Шелек ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар алаңын жою мәселесін көтеру;
– Ауылдық елді мекендердің қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке және санитарлық жағдайына қатысты тұрғындар өтініштерін тиісті органдарға жеткізу;
Қоғамдық кеңістіктерді күтіп ұстау мен ауылдардың қолайлы ортасын қалыптастыруға бағытталған ұсыныстарды қарастыру.
Аталған мәселелер бойынша жауапты мекемелердің жұмысын бақылап, тұрғындардың өтініштеріне сәйкес нақты шешім қабылдануына ықпал етемін.
9. Тұрғын үй және ауылдың әлеуметтік ортасы
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мен елді мекендердің әлеуметтік ортасын дамыту – халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттер.
Қазақстан ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылыту мәселесін шешуге қажетті блокты-модульдік қазандықтар орнату бастамасын қолдаймын. Сонымен бірге тұрғындардың баспана жағдайы мен ауылдардың тұрмыстық инфрақұрылымына қатысты ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізіп, олардың қаралуына ықпал етемін.
Шелек ауылындағы ауылдық округ әкімдігі ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мәселесін де назарда ұстап, қажетті қаржының бөлінуі мен тиісті шешімнің қабылдануына қолдау көрсетемін.
10. Халықпен тұрақты байланыс және депутаттық бақылау
Депутаттық қызметтің нәтижесі көтерілген мәселелердің нақты шешім табуымен өлшенуі керек. Сондықтан тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жүйелі түрде қарастыруды басты міндетім санаймын.
Осы бағытта:
– Сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізіп, ауылдардағы өзекті мәселелерді анықтау;
– Тұрғындардың өтініштерін тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелерге жеткізу;
– Қаржыландыруды, жобалық құжаттаманы әзірлеуді және қажетті шешімдерді қабылдауды талап ететін мәселелердің қаралуына ықпал ету;
– Көтерілген мәселелердің шешілу барысы мен қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау;
– Атқарылған жұмыс пен қол жеткізілген нәтижелер туралы сайлаушыларға ашық ақпарат беру.
Құрметті сайлаушылар!
Әр ауылдың өзіндік қажеттілігі, әр отбасының өз үміті бар. Сол үмітті ақтау үшін халықпен бірге жұмыс істеп, ортақ мәселелерді шешуге күш салу қажет. Егер маған сенім білдірсеңіздер, депутаттық қызметімді тұрғындардың мүддесін қорғауға, ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және шешімін күткен мәселелердің орындалуына ықпал етуге бағыттаймын.
Үгіт материалды шығарған ұйым: «mezet.kz» желілік басылымы. Меншік иесі «Редакция газеты «Еңбекшіқазақ» ЖШС, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.
Тапсырыс беруші: Ж.С.АБДЫКАДЫРОВА, Алматы облысының мәслихат депутаттығына кандидат. Материалдар республикалық бюджет есебінен қаржыландырылды.
