Уақыт белдеуін қайтару: Үкімет депутаттардың ұсынысын қарайды
Вице-премьер Тамара Дүйсенова «AMANAT» партиясы депутаттарының бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы ұсынысын қарастыруға уәде берді.
Үкімет отырысында Дүйсеноваға ескі сағат белдеуі қайтарыла ма деген сұрақ қойылды. Ол уақыт өзгерісінің қазақстандық-тардың өміріне әсерін күту және бағалау маңызды деп жауап берді.
– Соңғы 10 жылда бас-қа уақыт белдеуіне ауысу бойынша мамандар мен сарапшылардың үл-кен тобы жұмыс істеді. Былтыр бірыңғай уақыт белдеуіне көшеміз деген пікірді талқыладық. Енді депутаттық корпус бұл мәселені көтерді, бұл ұсынысты қарастыратын шығармыз. Бірақ тұтастай алғанда, бұл белдеуге ауыс-қанымызға тіпті жыл да толған жоқ. Бұл ауысудың қандай салдары бар екенін қарастырған жөн, – деді Тамара Дүйсенова.
Шенеунік денсаулық сақтау мен электр қуатын пайдалану жүйесінде күрт ауытқулар болмағанын айтты.
– Сондықтан, бұл ұсы-ныстарды қарастырайық, олар қандай негіз айтады және олардың ұсыныстарын ескере отырып, осы мәсе-лелермен айналысатын мүдделі мемлекеттік органдар арқылы қарастырып, жауап береміз, – деді Премьер-министрдің орынбасары.
