+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Алаяқ арбауынан сақтан!


Қазіргі таңда алаяқтық – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Алаяқтар адамдардың сеніміне кіріп, түрлі айла-тәсілдер арқылы олардың ақшасы мен жеке деректерін иемденуге тырысады. Әсіресе интернет, әлеуметтік желілер және телефон арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттер жиі кездеседі.
Сондықтан әрбір азамат сақтық шараларын қатаң ұстануы қажет. Бейтаныс адамдарға жеке мәліметтеріңізді, банк картасының нөмірін, құпиясөздер мен SMS арқылы келетін растау кодтарын бермеңіз. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз адамдардың өтініші бойынша ақша аудармаңыз.
Егер сіз алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, дереу банкке және құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
Есіңізде болсын! Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін әрдайым қырағы болыңыз. Ақпаратты тексеріңіз, асығыс шешім қабылдамаңыз және өз қаражатыңыз бен жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін сақтаңыз!
Алаяққа алданбаңыз! Сақтық – қауіпсіздіктің кепілі!