+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Өңірлердің дамуы – ел болашағына салынған инвестиция

Қойшыбек орта мектебінің педагогикалық ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген қалалар мен өңірлерді дамыту бағыттары бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, қалалардың орта және ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеу, цифрлық технологияларды енгізу және тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар заманауи технологияларды тиімді пайдалану мен өңірлердің тұрақты дамуының маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу соңында ұстаздармен пікір алмасып, Жолдауда көтерілген бастамалардың ел болашағы үшін маңызы кеңінен сөз болды.