
Жолдау – ел дамуының жаңа бағдарлары
Бертаев орта мектебінің педагогикалық ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында экономиканы дамыту, инвестиция тарту, өнеркәсіпті жаңғырту, энергетика саласының әлеуетін арттыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар еліміздің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруда заманауи технологиялардың және сапалы адами капиталдың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу барысында ұстаздармен пікір алмасып, Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру жөнінде ой бөлістік.
