
Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланды
Ақши бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтарды түсіндіру бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту, инвестиция тарту және заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Сонымен қатар Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда әрбір азаматтың белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігінің маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қатысушылары өзара пікір алмасып, ел дамуына бағытталған бастамаларды талқылады.
