+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Без рубрики

Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді

Алға орта мектебінің ұжымымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған негізгі басымдықтарды түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында білім беру саласын дамыту, адами капиталды арттыру, заманауи технологияларды енгізу және өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар педагогтердің қоғам дамуындағы маңызды рөлі, білім беру жүйесінің жаңа талаптарға бейімделуі және ел болашағы үшін білікті мамандар даярлаудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.