+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

АҚСАҚАЛДАР САЙЛАУҒА ҚАТЫСЫП, АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

Бүгін Шамалған ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Шамалған ауылы №465 сайлау учаскесінде келіп, дауыс берді.

Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеп, қоғамдық өмірге белсене араласып жүрген аға буын өкілдері бұл жолы да ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістен тыс қалмады.

Ақсақалдар кеңесінің мүшелері бірлесе сайлау учаскелеріне келіп, өздерінің конституциялық құқықтарын жүзеге асырды.

Қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуда, ұрпақтар сабақтастығын сақтауда және ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ақсақалдардың алатын орны ерекше.

Аға буын өкілдерінің бүгінгі сайлауға қатысуы олардың қоғамдық өмірдегі белсенділігінің тағы бір көрінісі болды.