+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Жаңалықтар

Абыройы асқақ аналар

Қоғамдағы ана мәртебесін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу және ұрпақ тәрбиесіндегі

ананың маңызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Аяулы ана» республикалық

байқауында Қаражота ауылдық округіне қарасты Сарыбұлақ ауылынан екі ардақты ана

жеңімпаз атанды.

Олар – көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері, ақын Емелхан Қайыпова мен клуб директоры

Қарлығаш Қосалиева. Астана қаласында өткен бұл байқауда он бала тәрбиелеп өсірген, өнегелі

ана ретінде Емелхан Абдрахимқызы мен 20 жыл мәдениет саласын дамытуға еңбегі сіңген

Қарлығаш Иманбекқызы «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығының арнайы

тағайындалған «Аяулы ана» атты орденімен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Сондай-ақ осы байқауға қатысуға жағдай жасаған жергілікті мекеме басшылыры Т.Молдағалиев

атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметов пен Қаражота ауылдық

округінің әкімі Нұрберген Қожамберді алғыс хатпен марапатталды.

Өз тілшіміз.