
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан үміткер Қыдырғожаев Руслан Ерланұлының 2026-2030 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мен, Қыдырғожаев Руслан Ерланұлы 1989 жылы 14 маусымда Алматы қаласында дүниеге келдім.
2011 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педогогикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2012 жылы Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бастадым. Есік қаласы әкімінің аппаратында бас маман қызметін атқардым. 2022 жылдан бастап Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасарымын.
Мен, Рахат ауылдық округі әкімінің орынбасары ретінде ауылдық округ тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсы білемін, округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын әрі сол мәселелерді шешу жолында жүйелі жұмыс атқарып келеміз.
Мемлекеттік қызметте жүргенде халықпен тығыз байланыста болдым. Округ тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында көптеген іс-шараларға қатысып, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына атсалыстым.
Халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін болашақта Рахат ауылдық округі бойынша әлеуметтік-экономикалық, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және ауылшаруашылық салаларын жақсартуға ықпал етемін. Алдағы уақытта көтерген мәселелердің және біздің округтің көркейіп, дамуын ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып шешуге жұмыс жасаймын.
Қазіргі таңдағы округіміздегі өзекті мәселелер: ауыз су құбыры желілерінің жаңартылуына, жол инфрақұрылымын жақсартуға, білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге атсалысамын.
Сонымен қатар, Рахат ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту үшін, экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында инвестициялық жобаларды әзірлеп, инвестиция тарту арқылы ауылдастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күш-жігерімді салып қызмет ететін боламын.
Мені округ əкімі етіп сайласаңыздар,
алдағы 4 жылда:
- Көшелерді жарықтандыру;
- Ауылдарды сапалы ауызсумен қамту;
- Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
- Округке көгілдір отын тарту бойынша жұмыстарды жүйелі жалғастыру;
- Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын арттыру;
- Халықтың әл-ауқатын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;
- Әлеуметтік нысандардың қайта жаңғырту және жаңа нысандар салу;
- Жұмыссыз жастарды жұмыспен қаматамыз ету;
- Балалар және спорт алаңдарының салынуына ықпал ету;
Округтің бюджетіне қосымша қаржыландыру көздерін іздеу арқылы :
ü Инфрақұрылымды дамытуға;
ü Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп саласын өркендетуге;
ü Округтегі кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жергілікті бюджеттің кіріс бөлігін көтеруге;
ü Инвестиция тарту арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға;
ü «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға; бар күшімді саламын.
Құрметпен, Қыдырғожаев Руслан Ерланұлы!
