+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Саясат

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жаңашар ауылдық округі əкімінің сайлауына «AMANAT» партиясынан  үміткер Нұрланов Айбек Нұрланұлының 2025-2029 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен,  Нурланов Айбек Нұрланұлы 1976 жылы 18 тамыз күні дүниеге келдім.

1993-1997 жылдары Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениет институтының «дене тәрбиелеу мәдениті және спорт» мамандығы бойынша білім алдым. 

Еңбек жолымды 1998жылы «№4 Абылайхан атындағы орта мектебі» ММ-нің  дене шынықтыру пәні мұғалімі болып бастадым.

2007-2008 жылдары «Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі» ММ-нің әдіскері болдым.

2008-2012 жылдары «Баяндай орталау мектебі» және «Алға орта мектебі» КММ-нің директоры лауазымын атқардым.

2012-2013 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы ретінде қызмет еттім.

2013-2025 жылдары «Бәйтерек ауылдық округінің» әкімі лауазымын атқардым.

2025-осы уақытқа дейін  Жаңашар ауылдық округі әкімінің орынбасары міндетін атқарып келемін.

Мен, Жаңашар ауылдық округі халқының тұрмыс-тіршілігін және округтің өзекті мәселелерімен жақсы таныспын. Ауылдың қоғамдық-саяси ахуалын жақсартуға, экономикалық әлеуетін арттыру бойынша округ әкімінің орынбасары ретінде тиісті жұмыстар жүргізіп келемін. «Т.Рысқұлов атындағы орта мектебінің» күрделі жөндеу жұмысы толығымен аяқталды. Жаңашар мен Космос ауылдарында балалар ойын алаңдары салынды. Округіміздің Космос және Базаркелді ауылдарына газ құбырын жүргізу жұмыстары басталуда, бұл өз кезегінде мәселе оң шешімін тауып халық игілігіне берілетін болады.

Қазіргі таңдағы ауылымыздағы өзекті мәселелер: таза ауыз су құбыры желілерінің жаңартылуына, адамның басты капиталы білім демекші заман талабына сай жаңа білім ордасының, дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысының салынуына ықпал етемін.

    Сонымен қатар, Жаңашар ауылдық округінің инфрақұрылымын дамыту үшін, инвестиция тарту арқылы ауылдастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бар күш жігерімді салып қызмет ететін боламын.

                                                                                       

Мені Жаңашар ауылдық округі əкімі етіп сайласаңыздар,

алдағы 4 жылда:

Жаңашар ауылдық округінің әкімі болып сайлансам, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын одан ары жаңа деңгейге көтеруге өзімнің бар күш-жігерімді  саламын.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласы:

  • Көшелерді жарықтандыру;
  • Жаңашар, Космос, Базаркельды ауылдарын таза ауыз сумен қамту;
  • Космос, Базаркельды ауылдарына газдандыру жұмысын қамтамасыз ету;
  • Жаңашар, Космос ауылдарының дәрігерлік амбулаторияларын күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету
  • Космос ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектебін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге ықпал ету;
  • Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу;
  • Ескірген электр желілерін кезең-кезеңмен жаңарту, электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету;
  • Балаларға арналған ойын және шағын футбол алаңдарын салу;
  • Жаңашар ауылында денешынықтыру және сауықтыру кешенін салуын қамтамасыз ету.

Әлеуметтік – экономикалық саласы

  • Стратегиялық бағыттарды құру арқылы округтің әлеуметтік жағдайын арттыру;
  • Халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін инвесторларды тарту;

         Сіздердің қолдауларыңызды алып, сайланған жағдайда, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асырамын!

                      Құрметпен, Нұрланов Айбек Нұрланұлы!