+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс шартының мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты шығынға ұшырады

Алматы облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын мерзімінен бұрын тоқтата тұру мәселесі қаралды.

Кәсіпкердің айтуынша, Қарасай ауданының білім бөлімі балабақшаның орналасқан жерінің мекен-жайын өзгерту туралы хабарламауға байланысты мемлекеттік тапсырыс шартын бұзған.

Тоқтату салдарынан – кәсіпкер шығынға ұшырады.

Кеңес отырысының нәтижесінде білім бөлімі мен кәсіпкер мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жөнінде жаңа шарт жасасты.