Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ғасырлық тарихы бар, еліміздің білім беру кеңістігінде өзіндік орны қалыптасқан іргелі оқуорындарының бірі. Бүгінде университет дәстүрлі педагогикалық білім берумен қатар, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, ақпараттықжүйелер және заманауи білім беру технологиялары бағытында да жаңа мүмкіндіктер қалыптастырып келеді. Университеттің қазіргі даму бағыты – сапалыбілімді заманауи технологиялармен ұштастыру. Бұлұстаным оқу бағдарламаларынан, цифрлық инфрақұрылымнан, халықаралық серіктестіктен және студенттердің практикалық жобаларына дейін көрініс табады. Халықаралық рейтингтердегі жаңа белес QyzPU-дың халықаралық деңгейдегі танымалдығы соңғы жылдары рейтингтік көрсеткіштерінен де көрінеді. Университет QS Asia University Rankings2025 халықаралық рейтингінде 801–850 позициясына енді. Бұл рейтингте 985 жоғары оқуорны қамтылған. Университеттің академиялықжәне жұмыс берушілер арасындағы беделі, студент пен оқытушы арақатынасы және халықаралық алмасу бағдарламалары көрсеткіштері аталғаннәтижеге ықпал еткен факторлардың қатарындаболды. Ал QS Asia
Толығырақ оқу