COVID-19: 192 науқастың халі нашар
Өткен тәулікте елімізде 638 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы www.coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
Жұқтырғандар арасында ШҚО бірінші орында — 261 адам, Қостанай облысында — 53 адам болса, елордалықтар арасында да ауруды жұқтыру күрт көбейді. Мұнда бір тәулікте 51 адамнан коронавирус анықталды. Жалпы, ел бойынша ауырғандар саны — 119129.
Бүгінде коронавирус жұқтырған 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр. 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 192 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», — делінген ресми сайттың хабарында.
