+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Қонаев қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі

Ағымдағы жылдың «1» қараша күні Алматы облысы Қонаев қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізіледі. Оқу-жаттығудың мақсаты, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру. Жаттығу террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актісінің жолын кесу шараларын жетілдіруге бағытталған.
Осыған орай, азаматтарды өткізіліп жатқан іс-шараларға, көлік пен адамдар қозғалысының уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы облысының жедел штабы.

https://www.instagram.com/reel/DB0hPRgiomH/?igsh=MTN6MW54d2p6YTN5dA==