+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Қарттарым, аман-сау жүрші

С.Аманжолов атындағы орта мектебінде қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам!» атты іс-шара ұйымдастрылды. Шара барысында ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері айтылды.


Қазіргі кезде біздің мемле-кетімізде қарттарға үлкен мән беріп, үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбіт тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептеп, мектеп директорының міндетін атқарушы Шолпан Бексұлтанқызы ізгі ті-легін білдірді. Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мем-лекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата-әжелеріміздің төл мерекесіне мектеп оқушылары өлең жолдарын арнап, әндерін шырқады.

Ш.ИСКЕНДИРОВА,
С.Аманжолов атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.