
Алматы облысында карантин күшейеді

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды.
Құжатта ҚР-да және Алматы облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты 26 шілдеден бастап жаңа шектеу шаралары енгізілгені жазылған. Олар:
1) «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан, сенбі және жексенбі күндері келесі қызметтерге тыйым салынады:
— қоғамдық көліктердің қызметтеріне;
— COСO, сауда үйлері, сауда желілерінің;
— спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері,спорт клубтары, жаттығу залдары);
— қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттардың (тамақ жеткізуге рұқсат етіледі);
— фитнесс-орталықтардың, фитнесс-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, моншалардың, СПА орталықтарының, бассейндердің;
— кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдардың, филармониялардың, цирктердің;
— алаңы 1000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің, ашық және жабық базарлардың;
— компьютер клубтарының, боулингтердің, бильярд залдарының, караоке, түнгі клубтардың;
— білім беру орталықтарының, балаларға және үлкендерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының, балалардың көңіл көтеру орталықтарының;
— банктердің, ХҚКО-лардың, Қазпошта бөлімшелерінің;
— діни объектілердің қызметтеріне тыйым салынады.
2) жұмыс күндері қойылатын шектеулер:
— «Ashyq» жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану объектілері, фудкорттар сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq» жобасына қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін;
-«Ashyq» жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога- орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА — орталықтар, спорт объектілері, бассейндер сағат 20:00-гe дейін, «Ashyq»-қа қатыспайтындар сағат 17:00-гe дейін шектеу қойылады.
Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысуына қарамастан ашық және жабық жағажайлар, аквапарктер мен аттаркциондардың қызметі тоқтатылады.
Қаулының толық мәтінін төмендегі сілтемеден көшіріп алуға болады.
