+77277540900  +77002724204   enkaz.kz@gmail.com   040400, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Алматы көшесі, № 112.

Қоғам

Мемлекеттік қызметшілер тазалықты қолдайды

Қоршаған ортаны аялауға, туған жерді сүюге үндейтін Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы қазақтандықтардың тарапынан үлкен қолдау тауып, Президент тапсырмасы бойынша 5 жылдық бағдарламаға айналды.

Жуырда бағдарлама аясында Есік қаласында сенбілік ұйымдастырылып, тазалық шарасына мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Таңсәріден Т.Молдағалиев атындағы ау-дандық мәдениет үйінің ала-ңына жиналған мемлекеттік қызметкерлер қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты.

– Бұл бағдарлама арқылы біз өзіміздің сүйікті мекеніміздің тазалығын сақтап қана қоймай, өскелең ұрпаққа қоршаған ортаны аялау қажеттігін ұғындырып, патриотизм тазалықтан басталатынын көрсетеміз – дейді ұйымдастырушылар.

 

Өз тілшіміз.